Ахметов Еримбет Бекзалбекович

Экономист

Просмотров: 172
Комментариев:

Қайырлы күн оқырмандар және құрметті әділ қазылар!

Қайырлы күн оқырмандар және құрметті әділ қазылар!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының  іске асыру жөніндегі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-шаралар жоспарына сәйкес,  Елбасы жұмысты жандандыру туралы  тапсырма берген болатын. 

Нарықтық экономикаға көшкен елімізде , шамамен 2,7 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатарына жатады деген мәліметтерді естудеміз. Өз-бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарға көмек берудің заң аясында  жолдарын табу, заңдастыру  әркімді де мазалайтыны рас. Елімізде, көптеген бағдарламалар жұмыс істеуде, алайда бұл көрсеткіш аз екені, ауылдағы тұратын азаматтардың тұрмыс жағдайының төмен екендігі алаңдатады. Бүгінгі көтеріліп отырған өзін-өзі еңбекпен қамтыуды айқындау күн тіртібінде тұруы, әр азаматты ойландыратын жағдай.
Менің пайымдауымша төмендегі ерекшеліктерді ескеруді қажет еді.
Тұрғындады үш топқа бөліп қарау;
1. Қала тұрғындары, жұмыс істеймін деген азаматқа, жұмыс табуға мүмкіншілігі бар, себебі кез-келген кәсіпорын  жұмысшыға зәру (Себебі шет ел азаматтары жұмыс істеуде) . Мамандығын өзгеруге немесе " Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша қайта даярлықтан өтіп , жұмыс табуға мүмкіндігі бар.
2. Қалаға жағын жерде орналасқандар, бұл азаматтардың қала тұрғындары  сияқты мамандық алуға және сауда жасауға мүмкіндігі бар.
3. Қаладан алыс ауылдарда тұратын азаматтар, бұлардың мүмкіндіктері шектеулі, себебі жас азаматтар қалаға баруға болады, қолында шығын малы бар, бала шағасы көп азаматтар, өз бетінше күн көріп үйренген, қаражаттан қысылған кезде малын сатып ғана күн көруде, сондықтан бұл азаматтардың қалаға барып жұмыс іздеуге мүмкіндігі шектеулі.

Алдымызда тұрған зейнетақы жүйесін қалыптастыру және әлеуметтік сақтандырудың іс-шараларын ұйымдастырудың қажеттілігі бар. Топқа бөлу кезінде негізгі өлшем тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіруден алынатын орташа айлық табыс деңгейі болып табылады. Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан ең төменгі күнкөріс мөлшерімен ара қатынасы белгіленген. Бұл ретте орташа айлық табыс Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан ең төменгі күнкөріс мөлшерімен сәйкестендірілген. Әлеуметтік сақтандыру және зейнеткерлік қамсыздандыру жүйесіне қатыспайтын маусымдық, қосалқы шаруашылықта, үйде жұмыс істейтін жұмысшылар, отбасында бір адамға шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайды. бұл отбасылар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылады.

           Азаматтардың өз ісін ұйымдастыруы арқылы экономикалық белсенділігін көтеруге септігін тигізеді. Бұл бағытқа ауылдағы кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, жұмыссыз және тұрмысы төмен халық арасындағы жеке тұлғалар қатыса алады және бұл азаматтарға кәсіпкерлікті дамыту үшін несие берілуде.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың» көбі тұрақсыз табысынан салық төлемейді, зейнетақы жарнасын аудармайды.  Қағаз жүзінде жұмысы барлар (жеміс ағашы бар, шағын малы бар, үй құстары және жері бар жеке тұлғалар) қатарына тіркелгендердің келешектегі алаңдатады.
 
            Жұмыссыздарға берілетін мардымсыз жеңілдіктерді де, атаулы әлеуметтік көмектіде  «өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға» берілмейді. 
           Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, зейнетақы төлеу жүйесіне, тағы басқа заңдарға сәйкесінше өзгерістер енгізілсе, өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың , айлық жалақы алуына немесе жәрдемақы алуға көмегім тиер еді деп ойлаймын;
Біріншіден, ауылдық жердегі мәдениет үйлерінде жастарға мемлекеттін саясатын, Елбасының жолдауларын, ұлттың бірлігін, ұрпақтың келешегін , дін туралы, мемлекеттен берілетін барлық жәрдемдер туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, ғаламтор арқылы жұмыс істеуді, ақпараттар алуды, жаман жолға түсіп кетпеудің жолдарын түсіндіру, ауыл әкімшілігіне қосымша штаттар беру қажет деп санаймын. 

Екіншіден,   көше тазалауға, ағашты әктеуге, жолды тегістеуге, таулы жерде тұратын азаматтарға ағаш көшеттерін егуді ұйымдастыру, өзен-көлдін жағасын тазалау, экологияға зиян келтіретін қалдықтарды тазалату, бұл бағдарламаның тиімділігі сонда, ауыл әкімшілігі арқылы беруді қолдаса, тағы басқа да жұмыстарға «Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарды» қатыстыру қажет, ауыл әкімшілігіне бюджет беру қажет деп ойлаймын.

Үшіншіден, мал басын көбейтуді жоспарлаған азаматтарға (несие алуға кепілдігі жоқ), ауыл әкімшілігі арқылы арзан бағамен , ауыл әкімдігі ұйымдастырып, несие беруді жалғастыру (аудан орталығына баруға, құжат жинауға мүмкіндігі жоқ, қаражаты жоқ азаматтарға).

Төртіншіден, ауыл әкімшілігі, ауыл тұрығындарының малдарының есебін жүргізу, сол арқылы бақылау жасау, белгілі бір өлшемнен асқан, мал бастарына салық төлетуді заңдастыру, сол арқылы зейнетақы жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.

Бесіншіден, денсаулығы жарамды, зейнеткерлік жасқа жетпеген, бірақ жұмыссыз жүрген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыс күші қажет болған жұмыс орындарына әкімшілік атынан жұмыс істеуді ұйымдастыру, сонда айлық жалақы алатына сенімді болады, алаяқтарға алданбайды.
Алтыншыдан, ауылда тұратын азаматтарға, жұмыстың болмауына байланысты, күнделікті еткен еңбегін (жеке жұмыстарын) бағалау, статистикалық есеп жүргізу, сол арқылы мемлекет есебінен зейнетақы қорына белгілі бір мөлшерде, аз болса да  ақша аудару қажет немесе атаулы көмек алуға мүмкіндік жасау қажет деп ойлаймын.



Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код