Турсынбаев Олжас

 Аспирант 

: 225
:

Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың мәселесін шешудегі негізгі 5 қадам

Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың мәселесін шешудегі негізгі 5 қадам

   Қазақстан Республикасының статистикалық мәлметтеріне  сүйенетін болсақ 2013 жылы өз бетiнше жұмыспен айналысушылар саны 2,596 млн адамды құрап отыр.Жалпы  «Халықты  жұмыспен қамту»туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 заңының 1 бабының тармағына сәйкес өз бетiнше жұмыспен айналысушылар – жеке тұтынуға арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер болып есептеледі.Парламент ең алдымен заңды  ресми тілде қабылдайтынын, одан кейін мемелекеттік тілге аударылатынын  ескерсек өз бетiнше жұмыспен айналысушылар деген ұғымға қарағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар  деген сөз тіркесін пайдаланған  жақсы болар еді.Мәселе қазір аудармада емес,осы өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың мәселесін шешуде.

    1 қадам: Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды тіркеу, әлеуметтік  көмек.

    Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың басым көпшілігі жалпы тіркелмеген, нақты сандық көрсеткішті білуге оларды тіркеу және әлеуметтік қорғауда  айтарлықтай үлес қосушы еді.  Бұл үшін  келесідей механизм ұсынамын ҚР «Халықты  жұмыспен қамту» туралы заңынының 3 тарауына  «Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды тіркеу және оларға әлеуметтік жәрдемдесу» арнайы  бап қосу. Аталған бап төмендегідей редакцияда 

1.«Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар мемлекеттік әлеуметтік қолдауды алу үшін міндетті түрде  тұрғылықты жерi бойынша,«электрондық үкіметтің» веб-порталы, немесе «objumys».kz (мысалы) ақпарат порталы арқылы тіркеуге тұруы қажет.

2.Мемлекеттік әлеумметтік қолдау түрлері
 1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
 2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
 3) мемлекеттік бюджет есебінен өз бетiнше жұмыспен айналысушыларға өз кәсібін бастауға бір реттік жәрдемақы; (Аталған жәрдем ақыны өз бетiнше жұмыспен айналысушы болып  тіркелген, бизнес жоспар дайындап, мемлекеттік комиссияның оң бағасын алған тұлға ала алады, комиссия бағасы, жалпы бизнес жоспар мазмұны «objumys».kz ақпараттық порталында  жарияланады. Комиссия  бизнес жоба келіп түскен күннен бастап 3 апта көлемінде шешімін шығару керек)
4) мемлекеттік сақтандыру,зейнетақы қорына аударым (Еліміздегі зейнетақы жүйесі  Чили еліндегі зейнетақы реформасы негізінде алынғаны белгілі, мемлекетке  өз бетінше жұмыспен айналысушылардан келетін үлкен қауіп ол зейнетақы қорына аударым жасамау,мемлекетпен қатар азамат өзінде әлеуметтік қорғалмауына алып келеді)       Зейнетақы қорына аударым жасау ҚР Үкіметінің 29.12.1999ж. бекіткен №1671 «Есептеу, ұстау (есептеу) және міндетті зейнетақы қорына аудару тәртібі»сәйкес міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және төлеу қызметкерлердің ай сайынғы табысының он процент мөлшерінде жүргізіледі, ал өз бетiнше жұмыспен айналысушыларға
а) ұсыныс табысының  5% көлемінде ( бұл жердегі басты қиыншылық орта табысын анықтауда )
б) Немесе толық мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру пакетін енгізу. Менінше  64 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, аталған  әлеуметтік сақтандыру пакетіне төмендегідей қызметтер енеді:
-  зейнет ақы аударымы;
-  қызмет пен айналысуға патент;
Елімізде міндетті медицианалық  сақтандыру жүйесі енгізіліп жатқанын  ескерсек, бұл атаулы пакетке медициналық міндетті сақтандырудыда жатқызуға болады.
 Атаулы әлеуметтік патентті айналысатын қызмет түріне байланысты бөлуге болады, адамда тандау болу үшін  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру пакетін төмендегідей түрлерін ұсынамын
- мини мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру пакеті

Ен төменгі жалақынын 10 пайызы- 1 қаңтардан 2015 жылдан-21 364 тенге екенін ескерсек , зейнатақы аударыма бір жылда 25636 тенге құрайды+ патент алатын қызмет түріне байланысты жарна, патент суммасы  максималды көрсеткіші 40 айлық көрсеткіш көлемінде ен төменгі патент 7-8 айлық есептік көрсеткіш.( Ескерту әр аймақтағы  төменгі жалақы мен есептеледі . Атырау мен Қызылорда қалаларындағы  жалпы облыс арасындағы  ерекшелікті ескере отырып)
- орта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру пакеті

Орта жалақынын 10 пайызы көлемінде -  2014 жыл- 104 654- зейнетақы аударымы -125 584 жылына + патент алатын қызмет түріне байланысты жарна, патент суммасы  максималды көрсеткіші 40 айлық көрсеткіш көлемінде ен төменгі патент 7-8 айлық есептік көрсеткіш.( Ескерту әр аймақтағы  төменгі жалақы мен есептеледі . Атырау мен Қызылорда қалаларындағы  жалпы облыс арасындағы  ерекшелікті ескере отырып)
   Жалпы патент алушы тұлға өзі жылдық зейнетақы аударымын анықтай алады.Өзіне ынғайлы.

    Зейнетақы аударымына   өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың басым көпшілігінің аудармауынын бір себебі ол құжаттар мәселесі. Көп уақыт, көптеген құжаттар дайындау. Ұсынылып отырған әлеуметтік  пакет бұл мәселені шешуде айтарлықтай үлес қосар еді, немесе электрондық портал арқылы тіркелу.

  Қызмет пен айналысуға патент; Салық төлеуде көптеген қиыншылықтарға алып келетінін ескерсек, қарапайым азамат үшін, ен тиімді жүйе ол  қызметпен айналысуға патент алу .  Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліпте керек жоқ жеке, әкімшілік барьерларды айналып өтудін ен тиімді жолы. Жалпы патент алудағы  шаруашылық түрлерін  анықтау қажет. Патент бағасын  кәсіпкерлер төлейтін салықтан төмен денгейде қылу. Және патентті  интернет желісі арқылы сатып алатындай қол жетімді қылып жасау.

     Ең басты  бұл  өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды анықтау критерийлерін   айқындау , бұл критерий « Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө бұйрығы мен анықталған.

   Жоғарыдағы  ұсыныстарды енгізе отырып  келесідей нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді ұсынамын :Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V  Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына,Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы заңына ,Қазақстан Республикасының 2008 жылы 10 желтоқсанда қабылданған № 99-IV Салық кодексіне (жұмыстын көлеміне қойылған талаптарға байланысты толығымен көрсете алмадым)

      2 Қадам: Аймақтық бағдарламалар, толығымен  әлеуметтік зерртеу жүргізу ;

     Толығымен  әлеуметтік зерртеуді қажет етеді ,мысалы мені  мазалайтын бірнеше сұрақтар бар,  жалпы саны туралы ақпарат болғанымен , жалпы табыстары туралы ақпарат жоқ. Мен өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды 3 топқа бөліп қарастыру қажет деп  ойлаймын: төмен табыс табатындар, орта табыс, жоғарғы табыс.Осылай бөліп қарастырып барып арнайы әр категорияға механизмдер ұсынылса. Сонымен қатар ауыл және қала деп бөліп қарастыру қажет,өз бетiнше жұмыспен айналысушылар басым көпшілігі ауылды жерде екенін ескеріп. Статистикаға сүйенсек өз бетiнше жұмыспен айналысушылар  төмендегі аймақтарда шоғырланған Онтүстік Қазақстан(20,5%), Алматы облысының(15,4%), Жамбыл облысы (10,8%), Шығыс Қазақстан облысында (8,6%),, Қостанай (8%) ең төменгі көрсеткіш Атырау облысында (1,2%) осы жағдайларды ескеріп аталған аймақтардын климатын, жалпы бұл аймақтар қандай шаруашылықты дамытуға қолайлығын, географиялық жағдайын ескеріп аймақтық бағдарламалар қабылданса. Мысалы «Онтүстік Қазақстан облысы Жұмыспен қамту бағдарламасы» Республикалық бағдарламада аймақтардын ерекшеліктері ескерілмейді.

   3 Қадам:  Интернет  веб портал «objumys.kz  ( мысалы)
      Жалпы XXІ  ғасыр ақпарат ғасыры, электрондық веб портал  e-gov жүйесін пайдалану немесе арнайы портал  «objumys.kz  құру . Портал  жалпы  артықышылықтары:
1. Өз бетінше  жұмыспен  айналысушыларды тіркеуге алу, ашықтық принципі 
2. Аталған  web cайт арқылы   өз бетiнше жұмыспен айналысушылар болып тіркелген тұлғалар   зейнетақы қорына аударым жасау үшін өтініш бере алады (жалпы жұмыс жазу барысында  20 дан   Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар арасында сауалнама жасағанда көбісінің зейнетақы қорына аударым жасамау себептерінің бірі ол құжаттардың көптігі  екенін атап көрсетті) 
3. «Оbjumys».kz  порталы алдында ұсынған мемлекеттік бюджет есебінен өз бетiнше жұмыспен айналысушыларға өз кәсібін бастауға бір реттік жәрдемақы алғанда және  пайызы төмен несиелерге  өтініш беру арқылы конкурсқа қатыса алады.
4. Көптеген өз бетінше  жұмыспен  айналысушылар ауылды жерде екенін ескеріп ауыл әкімшіліктерінде интернет желісімен қамтамасыз ету. Арнайы компьютерлер қою.
5. Толығымен конкурстық коммисся шешімін, қандай азаматтар тіркелгенін, қандай мемлекеттік көмек алғанын толығымен кез келген адам таныса алатын деңгейге жеткізу. Мемлекеттік қызметкерлердін қызметін қадағалауда үлкен қадам болар еді.
6. Патент алуға өтініш беру.

      4. Қабылданған мемлекеттік бағдаларламаларды іс жүзінде жүзеге асырылуы.
    Жанадан велосипед ойлап табу қажеті жоқ Қазақстан Республикасында бірнеше әлеуметтік   жағдайды жақсартуға арналған  мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Мысалы  «Жұмыспен қамту 2020» .

   Бағдарламаны іске асыру мынадай үш бағытта жүзеге асырылу қарастырылған: 
1.   Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 
2.  Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. 
3.   Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

   Жалпы бағдарламаға төмендегідей өзгерістер қажет 4.3.1. Бiрiншi бағыт:
оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, Iске асыру тетiгiне: 6 бөліміне , Арнайы жалпы еңбек нарығында аталған мамандыққа сұраныс болған жағдайда, сұранысы бар кәсіпорын мен және  жұмысқа орналасу үшін қайта даярлықтан өту үшін өтініш беруші мен   мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталығы арасында үш жақты келісім шартқа отыру. Бұл бізге не береді , бізде статистика үшін жылына мемлекеттік қаржыға қаншама азаматтарды даярлықтан өткізіп жатамыз, бірақ нәтижесінде даярлықтан өтіп жұмыссыз жүрген азаматтар көп.  

     Cонымен қатар ақпараттық толығымен қамтамасыз ету, сенім  телефонының тиімділігін арттыру,  мемлекеттік теларналар арқылы. Көптеген азаматтарда  мемлекетке деген сенімді. Микрокредиттер бойынша , жалпы аталып отырған төменгі денгейдегі  несиелерді алу барлық ауыл тұрғындарына  қол жетімсіз.Көптеген мәселелер кепілдікке келіп тіреледі, немесе өзіндік  үлкен шаруашылығы бар азаматтарға ғана. Бұл салада мен арнайы бағдарлама ұсынам ол  Мемлекетпен  шаруа арасындағы әріптестік, өз бетiнше жұмыспен айналысушы немесе жұмыссыз тұлға мен мемлекет  келісім шартқа отырады. 

 Мемлекет міндеті:
-  шағын несие бер  5 000 000 тенгеге дейін
-  толығымен бизнес жоба дайындауда қолдау, ақпараттық қамтамасыз ету
-  алғашқы 36 ай  көлемінде заңгерлік, бухгалтерлік  көмек
Шаруанын міндеті
-   толық  бизнес жоба дайындау
-   материалды игеру
-  36 айдан сон мемлекеттен алынған шағын несиені қайтару, үстеме пайыз 3%
   Несие ауыл шаруашылығына беріледі,   шаруа алушы тұлға егерде  несиені қайтарыла алмаса несие берілген қаражатқа алынған , барлық шаруашылығымен  жауап береді.

   Бағдарламаға жауапты мемлекеттік қызметкерлердін  жауапкершілігін арттыру. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңының 9-бабына  «Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi» өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мынандай редакцияда «Мемлекеттік бағдарламаға жауапты мемлекеттік қызметкер , мемлекеттік бағдарламаны уақытында, бөлінген қаржыны талан- таражсыз жұмсауға, толығымен  жүзеге асыруға қатысуына міндетті Аталған заңннын  28 бабына «Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы»,  «мемлекеттік қызметкер  мемлекеттік бағдарламанын жүзеге асырудағы дәрменсіздігі және  уақытында адам күшінен тыс табиғи өзгеде аппатарда қоспағанда  жүзгеге асыра  алмай, негізсіз шешімдер қабылдағаны үшін жауап береді. Аталған норманын санкциясы мемлекеттік қызметкердін дәрежесіне,жобаға қатысына байланысты ескертуден  қызмет дәрежесінде төмендеуге дейін.

Пайдаланылған қайнар көздер:

1. ҚР « Салық кодексі»
2. ҚР «Халықты  жұмыспен қамту туралы» заңы
3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы
4. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы
5. ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңы
6. ҚР Үкіметінің 29.12.1999ж. бекіткен №1671 «Есептеу, ұстау (есептеу) және міндетті зейнетақы қорына аудару тәртібі» туралы қаулысы
7. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 353-ө бұйрығы
8. «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы




...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код